Іздеуде жүрген Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мемлекетаралық іздеуде жүрген Садвақасов Тимур соттан жасырынбақ болған кезде ұсталды.
Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлағандай, Садвақасов Тимур Хабдуллаевич мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде Өзбекстан Республикасының шекара қызметі тарапынан ұсталды.
Оған қатысты Өзбекстан Республикасына заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бар мәліметке сәйкес, Садвақасов Тимур тергеу изоляторына қамауға алынған.
Қазіргі уақытта оны Өзбекстан Республикасынан экстрадициялау мәселесі бойынша Бас прокуратурамен бірлесіп тиісті материалдар дайындалуда.
Еске сала кетейік, Садвақасов Тимурға алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу бойынша айып тағылған.
Еске салсақ, 2023 жылы шілде айында Садвақасов Т.Х. және «Обуховское» кен орнында заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісіне қатысты адвокат – Курманбаев С.Н. лауазымды тұлғалар арасындағы байланыстарын пайдалана отырып, Долгалев В.И-қа кәсіптегі серіктестеріне қарсы қылмыстық іс қозғауды ұсынған.
Алдын-ала келісім бойынша параның бірінші бөлігі ретінде 90 млн теңге алған Садвақасов пен Курманбаев бұл қаражатты өздері иемденіп, уәде етілген міндеттемелерін орындамаған.
Қылмыстық іс Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына қайта қарауға жолданды.