Freedom Inside '26

Италияда қазақы тазы топ жарды: қазақстандық иттер әлем чемпионы атанды

Италияда қазақы тазы топ жарды: қазақстандық иттер әлем чемпионы атанды
ашық дереккөз

Қазақстанның ұлттық ит тұқымы – тазы Италияда өткен халықаралық көрмеде жоғары нәтиже көрсетіп, әлем және Италия чемпиондары атақтарын жеңіп алды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Италияның Болонья қаласында өткен World Dog Show 2026 көрмесінде қазақы тазы алғаш рет ресми түрде мойындалған FCI мәртебесімен қатысты. Байқау қорытындысында Қазақстаннан барған барлық иттер «өте жақсы» деген баға алған.

Қазақы тазы бірден бірнеше беделді халықаралық көрмеде бақ сынап, әлем және Италия чемпионы атақтарын иеленді. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпиондары атанғандар – Челси мен Табиғат. Ал Лашын мен Рея ересектер арасындағы әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Сондай-ақ Перс пен Челсидің жетістігі ерекше аталып өтті. Олар өз тұқымы бойынша жеңіске жетіп қана қоймай, халықаралық деңгейдегі үздік тазы тұқымдас иттердің қатарына еніп, өз санаттарында төртінші орын алған.

Бұл жетістік қазақы тазының халықаралық деңгейдегі беделін арттырып, ұлттық тұқымның әлемдік кинология сахнасындағы орнын нығайта түсті.