Бұл жинаққа енген әңгімелер кешегі қазақы өмірдің тыныс-тіршілігін және бүгінгі қоғамның кейбір сәттерін аңдатады. Ал «Қарға тамған көз жасы» атты хикаятта араға көп жыл салып туған жеріне барған кейіпкердің кіндік қаны тамған өлкеге деген сағынышы мен махаббаты баяндалады. Романтикаға толы жас өмірдің көңілден кетпес кезеңі көркем тілмен кестеленген. Оқиғасы ширақ, тілі шұрайлы шығармалар қалың көпшілік қауымға арналған.
Бұған дейін қаламгердің "Әкелеріміз айтатын әңгіме" атты эсселер жинағы жұрттың ықыласын тудырған.