Freedom Inside '26

"Ырыс" Оңтүстік кәсіпкелерінің жобаларын қаржыландырды

"Ырыс" Оңтүстік кәсіпкелерінің жобаларын қаржыландырды
Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлерге қолдау білдіруде «Ырыс» микроқаржылық ұйымының еңбегі орасан. Аталған ұйым жыл басынан бері жалпы соммасы 3 946,2 млн. теңгені құрайтын 1573 жобаны қаржыландырып үлгерген.  Соның ішінде 2 582,9 млн. теңгені құрайтын 901 жоба мал шаруашылығына тиесілі болса, көктемгі егін егу-жинау жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1 133,3млн. теңгені құрайтын 618 жобаға қолдау көрсетіліпті.

Бұдан бөлек, жылыжайды кеңейту және құрылысын салу да «Ырыс» микроқаржы ұйымының жоспарлы  қаржыландырылуына еніп, бұл саладағы 38 жобаға 134,7 млн. теңге несие берілген.

Сондай-ақ ұйым тарапынан құс шаруашылығы бойынша жалпы сомасы 32, 3млн. теңгелік 5 жоба қолдау тапқан. Ал, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді ұйымдастыруға 5 млн. теңге несие бөлінсе, нан – тоқаш өнімдерін шығару үшін 2 жоба мақұлданып, кәсіпкерлерге  16 млн. теңге,  өндірістік қызмет үшін 12 млн. теңге қаражат беріліпті.  Сонымен қатар сауда және қызмет көрсету саласы үшін 6,0 млн. теңге қаржы бөлінген.  Балабақша  ашу  үшін  4 жоба  мақұлданып, жоба иесі  24 млн. теңгелік  несиеге қол жеткізген.