Ірі қылмыстық схема құрған: ҰҚК OrdaMed басшыларын ұстады

Сағыныш Сардарова 26 қаң. 2026 11:32

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі заңсыздықты әшкереледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

OrdaMed АҚ басшылығы Қазақстан аумағында өз өндірісі бар екені туралы жалған құжаттарды пайдаланып, халыққа аса қажет 28 медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген шарттармен жеткізу бойынша заңсыз преференция алған.

"Алайда дайын медициналық жабдық шетелден жеткізілген. Салдарынан мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келді. Тінту шаралары барысында OrdaMed АҚ басшылығынан құны 1 млрд теңгеден асатын инвестициялық монета тәркіленді. Interdentica, Erkin Brand және OrdaMed компанияларындағы үлестеріне тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада.

Сот санкциясымен OrdaMed АҚ-ның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove