"Иран қарсы шықса, жойып жібереміз": Трамп қатаң мәлімдеме жасады

"Иран қарсы шықса, жойып жібереміз": Трамп қатаң мәлімдеме жасады
Brendan SMIALOWSKI / AFP via Getty Images. Суретте: Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазында америкалық кемелерге кедергі жасалса, АҚШ Иранды жойып жіберуге дейін баратынын мәлімдеді, деп dalanews.kz тілшісі Fox News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Ақ үй басшысы журналист Трей Ингстке берген сұхбатында айтқан.

Трамптың сөзінше, Иран америкалық кемелерге шабуыл жасайтын болса, олар "Жер бетінен жойылады".

"Бізде бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көп әрі жоғары деңгейдегі қару-жарақ бар. Бізде әлем бойынша ең озық техника, толық жабдықталған базалар бар. Қажет болса, соның бәрін қолданамыз", – деді АҚШ президенті.