Иран мен АҚШ бір-бірін атқылап жатыр

Иран мен АҚШ бір-бірін атқылап жатыр
Фото: Анадолу

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) АҚШ-тың Иордания мен Бахрейндегі әскери нысандарына зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы соққы жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

КСИР мәліметінше, Иорданиядағы ханзада Хасан атындағы әуе базасына жасалған шабуыл салдарынан бірнеше ірі зымыран қоймасы мен жанармай резервуарлары өртенген.

Сондай-ақ КСИР Бахрейндегі Шейх-Иса әскери базасында АҚШ күштерінің тікұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталықтары, радиоэлектрондық күреске арналған P-8 ұшағы орналасқан ангар, сондай-ақ америкалық әскери операцияларды басқару және бақылау орталығы жойылғанын мәлімдеді.

Ал АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иран аумағына жасалған жаңа соққылар легінің аяқталғанын хабарлады. Қолбасшылықтың мәліметінше, Иранның бірнеше өңірінде ондаған нысанаға соққы берілген.

CENTCOM мәлімдеуінше, шабуыл барысында Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, жағалаудағы радиолокациялық станциялар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және шағын теңіз кемелері нысанаға алынған. Операция кезінде америкалық жойғыш ұшақтар, әскери-теңіз күштерінің кемелері, камикадзе-дрондар және алғаш рет теңіздегі камикадзе-дрондар қолданылған.

Сонымен қатар АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы Иранның қазіргі уақытта Ормуз бұғазын бақыламайтынын тағы да мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ Иран аумағына жаңа соққылар сериясын бастаған болатын. Ақ үйдің мәліметінше, президент Дональд Трамп бұл операцияны «Иран күштерін жауапкершілікке тарту» мақсатында жүргізуді тапсырған.