IMD-2025: Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Жапонияны басып озды

IMD-2025: Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Жапонияны басып озды
t.me/eriofficial

Швейцариядағы Халықаралық басқару дамыту институтының (IMD) деректері бойынша, Қазақстан 69 елдің ішінде 34-орынға көтеріліп, өткен жылмен салыстырғанда бір сатыға жоғарылады. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз Жапонияны (35-орын), Кувейтті (36-орын) және Португалияны (37-орын) басып озды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Рейтингтің көшбасшы ондығына мыналар елдер енеді: Швейцария, Сингапур, Гонконг, Дания, БАӘ, Тайвань, Ирландия, Швеция, Катар және Нидерланд.

IMD рейтингі төрт негізгі бағыт бойынша бағаланады:

• Экономикалық қызмет
• Үкімет тиімділігі
• Бизнестің тиімділігі
• Инфрақұрылым

Қазақстан бұл бағыттардың ішінде екеуі бойынша оң өзгерістер көрсетті — "Бизнестің тиімділігі" (28-ден 20-орынға) және "Инфрақұрылым" (49-дан 44-орынға).

Мұндай нәтижеге еңбек өнімділігінің артуы, компаниялардың икемділігі, технологиялық базаның кеңеюі және орнықты іскерлік орта есебінен қол жеткізілді.

Бұған дейін сайтымызда "Қазақстан қалай орта держава атанып жүр" деген мақала жарияланған болатын.