ІІМ интернет алаяқтардың жаңа айласын ескертті

ІІМ интернет алаяқтардың жаңа айласын ескертті
ІІМ, ЖИ

Ішкі істер министрлігі интернеттегі алаяқтар жасөспірімдерді заңсыз қаржылық схемаларға тартуы мүмкін екенін мәлімдеді. Көп жағдайда мұндай әрекеттер мессенджерлер, онлайн ойындар немесе әлеуметтік желілер арқылы басталады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, бейтаныс адамдар жастарға оңай ақша табуды ұсынып, банк картасына түскен қаражатты басқа есепшоттарға аударуды немесе қолма-қол ақшаға айналдыруды сұрауы мүмкін.

Министрлік мұндай әрекеттердің артында ұрланған ақшаны заңдастыру схемалары тұруы ықтимал екенін атап өтті. Алаяқтар өз ізін жасыру үшін үшінші тұлғалардың шотын пайдаланады. Соның салдарынан мұндай іске байқамай араласқан адам да жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Осыған байланысты ІІМ азаматтарға банк картасының дерегі мен мобильді банк қосымшалары туралы ақпаратты бөгде адамдарға бермеуге кеңес берді.