Halyk қосымшасынан өзге банк клиентіне телефон нөмірі арқылы ақша аударуға болады

Halyk қосымшасынан өзге банк клиентіне телефон нөмірі арқылы ақша аударуға болады
pixabay

Енді Halyk қосымшасы арқылы Қазақстандағы кез келген банктің клиентіне бірден ақша жіберуге болады. Яғни, ақша жібергіңіз келген адамның карта нөмірін термей-ақ, тек ұялы телефон нөмірін жазсаңыз болғаны, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Телефондағы контактілер тізімінен ақша алушы адамның нөмірін таңдап немесе нөмірін қолмен енгізіп, ақшаны аудара аласыз.

  • Halyk клиенттеріне ұялы нөмір бойынша аударым — 0 теңге  
  • ҚР кез келген банк клиентіне ұялы нөмір бойынша аударым — 200 теңге

Бұған дейін Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов  Қазақстанның барлық банктерін QR-төлемдердің бірыңғай жүйесіне қосу процесінің қай кезеңге келгенін айтқан болатын. Оның айтуынша, қазір оған үш банк өтті, нақтысынжа, тоғыз банк тест режимінде жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ Halyk Bank Қытайдың танымал WeChat — QR WeChat мессенджерін қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың жаңа әдісін іске қосқанын да жазғанбыз.