Halyk Bank 20 млрд теңгеге бағалы қағаздар шығаруды жоспарлап отыр. Бір облигацияның номиналды құны 1 мың теңге мөлшерінде бекітілген, орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар саны – 20 млн дана, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ үшінші бағдарламасы шеңберінде 20 000 000 000 теңге сомасына облигациялардың сегізінші шығарылымын жүзеге асырсын" делінген 2024 жылдың 8 қазанында банктің директорлар кеңесі қабылдаған шешімде.
Айта кетсек, бұған дейін 23 күн ішінде Halyk Bank 6 млн 329 126 долларға 364 421 жаһандық депозитарлық қолхаттар (ЖДХ) сатып алғаны хабарланған.
KASE мәліметінше, 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Halyk Bank акциясының 56,39%-ы "АЛМЭКС" холдингі тобына, 23,04%-ы – The Bank of New York (номиналды ұстаушы) тиесілі. Halyk тобы Тимур Құлыбаев пен оның әйелі Динараның толықтай бақылауында екені белгілі.