Бұл жігіт Грузиядағы төңкерістен соң билік басына келгенде қазынада, яғни бюджетте түк ақша қалмаған екен. Дәрігерлер мен мұғалімдерге берер жалақы болмапты.
Саакашвили дереу атқа қонып, Грузияда бұрын соңды болмаған ұрыларды құрықтау операциясын бастаған екен.
Нәтижесінде: ол бір жыл ішінде кедей Грузияда бір млрд доллар ақша жинап алыпты.
"Жемқорлықты қалай жеңуге болады" деп сұрасаңыз, Саакашвилидың жауабы: "жемқорлықты жою - бір тікұшақ пен мұздай қаруланған арнайы жасақтан басталады" болатын шығар.
Саакашвили, Грузияда Сталин мен Совет өкіметі жеңе алмаған "ворларды" жеңген адам. Қазір Грузияда "ворлар" жоқ, ол жақта "мен вормын" десең сотталып кетесің.
Осы Миша, таққа отырғасын реформасын жасайын десе, бір топ грузин шалы келіп "ай Мишико - ай, күйгелектеніп қайтесің осы, жалқаулық, ұрлық деген нәрсе грузин атаулы, біздің қанымызда ғой, оны жоя алмайсың" депті.
Оған Михо столды тарс еткізіп бір қойған екен, бұдан соң Грузия халықаралық агенттіктер берген рейтинг бойынша "жемқорлығы ауыздықталған" елдердің қатарында, алтыншы орынға бір - ақ секірді.
Қазір Грузияда дәрігерлер мен мұғалімдердің ақшасы мұнайлы Қазақстандағыдан да көп.
Саакашвили "жемқорлықты жеңген мемлекет, тез байып өркендеуге бет алады" деген теорияны іс жүзінде дәлелдеген постсоветтік ұлы реформатор.
Ол - нағыз аңыз адам. Бұның өнеге тұтар жыры өте көп, оны әңгімелеуден мен де жалықпан.
Олжас Әбіл,
Дереккөз: Фейсбук