Головкин Ресей боксынан шектеуді алып тастады

Головкин Ресей боксынан шектеуді алып тастады
ҰОК

Геннадий Головкин басқаратын Халықаралық World Boxing федерациясы ресми сайтында Ресей боксшыларына қатысты барлық шектеудің алынғанын хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мұндай шешімді ұйымның атқарушы комитеті Глазгода өткен отырыста қабылдады. Жиында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына дайындыққа байланысты бірқатар маңызды мәселе қаралды.

Енді Ресей боксшылары басқа елдердің спортшыларымен бірдей шартта сынға түсіп, өз елінің туы мен әнұранын пайдалана алады. Алайда ұйым ресейлік делегациялардың тәртібі мен допингке қарсы талаптардың сақталуын қатаң бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Бұл шешім әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Көптеген қазақстандық жанкүйер Геннадий Головкинді сынға алып, оның басшылық етіп отырған ұйымының Ресей спортшыларына ұлттық туы мен әнұранымен жарысуға қайта рұқсат беруіне наразылық білдіруде. Пікір жазғандардың бір бөлігі мұндай шешімге көңілі толмайтынын айтып, Головкинге өкпе-ренішін жасырмады.

Қазақстандық және әлемдік бокстың аңызы Геннадий Головкин World Boxing ұйымын 2025 жылдан бері басқарып келеді.