ҒЫЛЫМДАҒЫ СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Dalanews 05 ақп. 2015 07:44 14364

ЭЛЕКТР ШАМЫНЫҢ ҚАНДАЙ ЗИЯНЫ БАР?

12 ШамдарЭлектр қуатын үнемдейтін шамдар кең көлемде қолданысқа енгелі бері оны жинап, жою өзекті мәселеге айналып отыр. Мұндай шамдар құрамында белгілі дәрежеде сынап болғандықтан, оны кәдімгі қоқыс жәшіктеріне тастай салуға болмайды. Таяуда қазақ ғалымдары осы мәселенің оң шешімін тапты.

«Жер туралы ғылым, металлургия және қайта өңдеу» АҚ-ы мен «Парасат» мемхолдингі ғалымдары электр қуатын беретін ескі шамдарды қайта өңдеудің жолын ойлап тапқандарын мәлім етті. Отандық ғалымдардың ойлап тапқан жаңа қондырғысы шамдардың құрамындағы улы заттарды бөліп алып, қоршаған ортаға келтіретін зиянын толықтай жояды. Бүгінде қондырғы «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аумағында орнатылуда. Мамандар қондырғы бір тәулікте 4 мың шамды өңдейтін мүмкіндікке ие екенін айтады.

 

НАНОРОБОТ ЕМДЕЙДІ

12 НанороботТаяуда Сан-Диего қаласының медицина мамандары нанороботтың көмегімен адамның ауырған жеріне қажетті дәріні дәл жеткізу сынағы сәтті іске асқанын мәлім етті. Жалпы нанороботты медицина саласында пайдалану мәселесі көптен бері сөз болып жүр.

Ғылыми-тәжірибелік жұмыс зертханалық жағдайда жүзеге асқан. Ғалымдар бұлшық еттің ауырған жеріне нанороботтың көмегімен қажетті дәріні дәл жеткізіп, басқа аумақтарға дәрінің кері әсер етуіне жол бермеген. Ғалымдар алдағы уақытта нанороботтардың көмегімен түрлі ауруларды емдеуге болатынын жеткізді. Бірінші кезекте нанороботтар түрлі ісік ауруларын емдеуге кең көлемде қолданылуы мүмкін.

 

 

ЖАНАРМАЙДЫҢ ЖАҢА ТҮРІ

Алматылық ғалым Жәнібек Шәмелханов табиғи май көздерінен дизель отынын алатын жаңа қондырғы ойлап тапты. Өнертапқыш туындысы қалалы жердегі экологиялық мәселелерді шешуге септеседі.

12 ДизельЖаңа қондырғыдан қажетті отын алу үшін шикізат ретінде кез келген өсімдік майының қалдықтарын пайдалануға болады. Өнертапқыш алдағы уақытта қондырғының жұмыс істеуі үшін қажетті өсімдік майы қалдықтарын қаладағы қоғамдық тамақтандыру орталықтарынан алмақшы. Сондай-ақ, мақта майын да кең көлемде қолданып, жанармайдың құнын төмендетуге болады екен. Ж. Шәмелханов ойлап тапқан қондырғысы арқылы осы күнге дейін 20 тонна дизель отынын өндіріп шығарғанын мәлім болды.

Өзге минералды жанармайлармен салыстырғанда, дизель отынының жаңа түрінің жанғыштық қасиеті мен тиімділігі ғалымның назарын аударған. Оның үстіне, жанармайдың құрамында қоршаған ортаға залал келтіретін ауыр металл мен күкірт мүлде жоқ.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар