Ғалымдар COVID-тан қорғайтын үздік вакцинаның атын айтты

Dalanews 06 мам. 2021 12:27 754

Дүниежүзілік вакцина конгресінің мамандары коронавирустан қорғайтын үздік вакцинаның атын атады деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Пандемияға байланысты биылғы іс-шара онлайн өтті. Сарапшылар сүзгісінен өткен вакциналар арасында америкалық Moderna компаниясы мен АҚШ-тың Ұлттық денсаулық институты бірлесіп әзірлеген препарат үздік деп танылды.

АҚШ пен өзге де мемлекеттерде жұртқа едел-жедел салынып жатқан екпе сапасы мен тиімділігі тұрғысынан AstraZeneca, Bharat Biotech, Janssen, Medicago, Novavax, Pfizer-BioNtech, "Спутник V" секілді вакциналарды басып озды.

Мамандар Moderna-ны екпе платформасында жаңа технология негізінде әзірленген препарат ретінде де жоғары бағалап, рейтингтің төбе басына қойды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының мәлім еткеніндей Moderna вакцинасының COVID-19-дан қорғайтын тиімділігі алғашқы дозаны алған 14 күннің ішінде 92 пайызды құраған.

...

Ал орыс ғалымдары Америкада әзірленген вакцинаның әлем бойынша үздік атануында саяси астар бар деп есептейді. "Спутник V" вакцинасын ойлап тапқан, Ресейдегі Ұлттық эпидемиология орталығының директоры Александр Гинцбургтың айтуынша Moderna екпесін салғызғандар арасында өлім-жітім көп.

"Конгресс Вашингтонда өтті. Спутниктің тиімділігін мойындау олар үшін өліммен тең. Әрі сыйақы мәселесі бар. Шамамен 100 млрд доллардың төңірегінде. Мұншама қаражатты Ресейге аудара салмасы анық", – дейді ол.

Айта кетелік, аталған шарада Pfizer және BioNTech вакциналары да жоғары баға алды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар