Бибісара Асаубаева Үміткерлер турнирінің қорытындысы бойынша классикалық шахматтан әлем чемпионы атағы үшін ойнау құқығын жеңіп ала алмағанына қарамастан, ол елге жүлдесіз оралған жоқ, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Турнир ережесіне сәйкес, қорытынды екінші орын үшін қазақстандық шахматшыға 17 мың еуро беріледі. Бұған қоса, ұйымдастырушылар әр 0,5 ұпай үшін 2 200 еуродан төлейді. Бибісараның қоржынында 8 ұпай бар, бұл оған қосымша 17 600 еуро алып келді.
Осылайша, Қазақстанның ең танымал шахматшыларының бірі жалпы сомасы 34 600 еуро сыйақы иеленді. Бұл қазіргі бағам бойынша 19,3 миллион теңгеден сәл асады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан өкілдері әлемнің үздік шахматшылары қатысатын және екі жылда бір рет өтетін Үміткерлер турниріне жолдама алмаған. Сондықтан Бибісара Асаубаеваның осындай деңгейдегі жарыстағы дебютінде екінші орын алуы – лайықты нәтиже.
