Freedom компаниясы Оралда ботаникалық бақ пен спорт кешенін салатын болды

Dalanews 18 қар. 2022 13:36 857

Freedom компаниялар тобының қаржыландыруымен Орал қаласында бірден екі әлеуметтік бағдарланған қалалық объекті бой көтеретін болды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Freedom компаниялар тобы және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық бағдарламасының шеңберінде Батыс Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ботаникалық бақ пен спорт кешенін салу жобаларын қаржыландыру жөніндегі меморандумға қол қойды.

Freedom компаниясы осы жобаларға 1,9 млрд теңгеге құюды өз мойнына алады.

Заманауи спорт кешені волейбол, баскетбол, шағын футбол, күрес және спорттың басқа да түрлерімен айналысуға қажетті барлық заттармен жабдықталады. Бұдан басқа, кешенде медициналық кабинет, лифтілер, душ қабылдау аймақтары және басқа да ыңғайлы заттармен көзделетін болады.

Жобаны тапсыру мерзімі 2023-2024 жылдарды қамтиды.

Өз кезегінде ботаникалық бақ Орал қаласының Шолохов пен Есенжанов көшелері қиылысқан көрікті әрі экологиялық таза ауданындағы 13 га алаңда орналасады деп күтілуде.  Жобаға сәйкес бақ аумағында қоғамдық демалыс аймағы, су өсімдіктерінің кені, алма мен мамыргүл аллеялары, қылқан жапырақты ағаштар аймағы, самалжайлар және шығыс стиліндегі композициялар, жылыжай, ұлттық тағамдар мейрамханасы орналаспақ.


Жобаның бастамашысы сұрып сынаушы бағбан, «С.И.Исаевты еске алуға арналған Халықаралық эксперименттік коллекциялық тәлімбақ-бағы» басшысы Қайрат Кәрімов.

Қазіргі уақытта жер телімі бөлініп, аумақты қоршау, жер жырту және болашақ бақ үшін материал отырғызу жұмыстары басталған.

– Біздің еліміздің алдында қазір шешуге тиіс көптеген міндеттер тұр. Президент қазір қосымша әлеуметтік шығындарға белсенді түрде бастама жасауда. Мемлекет бұл бағытта көп жұмыс атқарып, қомақты қаражаттар бөлуде. Бұл ретте біз де ірі бизнестің өкілдері ретінде халық алдында өз жауапкершілігімізді сезінеміз. Сол себепті Батыс Қазақстан облысының әкімімен танысу барысында әлеуметтік бастамаларды қолдауға уағдаластық.  Бұл – жобаларды жергілікті кәсіпкерлер мен өңір басшысының мұқият пысықтап, қолдағандары қуантады. Бұл – қадам Қазақстанның барлық кәсіпкерлік қоғамдастығы үшін дұрыс белгі болады деген сенімдемін. "Жұмыла көтерген жүк – жеңіл" демекші, біз бірлесіп жұмсайтын күш-жігеріміздің арқасында балаларымыз өмір сүруді армандайтын елдің іргесін қалап, өзіміз де лайықты өмір сүре аламыз деген сенімдімін, – Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры Тимур Турлов. ».


Өз кезегінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Freedom компаниялар тобының басшысына алғысын білдірді.

– Ірі бизнестің өңірлерді қолдауы бұл тек игі бастама ғана емес, сонымен қатар маңызды экономикалық әрі әлеуметтік жоба. Сол үшін де, Тимур Турловқа біздің ұсынысымызды қабыл алып, облысымызда ботаникалық бақ пен спорт кешенін салу ісіне көмектескені үшін алғыс айтқым келеді. Жоспарланған жобалар экологиялық жағдайды жақсарту мен жасыл желектер санын ұлғайтуға да, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар тұрғындар үшін спорттық инфрақұрылымды дамытуға да айтарлықтай әсер етеді деген сенімдемін, – деді облыс әкімі.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар