Freedom Holding Corp.-тың 2026 ж.ж. түсімі $2,2 млрд құрады

Freedom Holding Corp.-тың 2026 ж.ж. түсімі $2,2 млрд құрады
Freedom

Freedom Holding Corp. компания үшін 2026 жылғы 31 наурызда аяқталған 2026 фискалдық жылдың қаржылық нәтижелерін жариялайды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры: «2026 қаржылық жыл Freedom Holding Corp. үшін бизнесті жүйелі түрде нығайту, экожүйені одан әрі кеңейту және жаңа бағыттардағы стратегиялық бастамаларды іске асыру кезеңі болды. Біз түсімнің тұрақты өсімін көрсеттік, клиенттік базамызды ұлғайттық, негізгі сегменттердегі позицияларымызды күшейттік және халықаралық экспансияны жалғастырдық. Бұл нәтижелер біздің ұзақ мерзімді стратегиямыздың тиімділігін, командамыздың жоғары белсенділігін және клиенттердің, серіктестер мен инвесторлардың сенімін көрсетеді».

2026 жылғы 31 наурызда аяқталған фискалдық жылдың қаржылық нәтижелеріне шолу

Компания 2026 қаржылық жылында $2 191,3 млн көлемінде жиынтық түсім көрсетті, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі $2 044,2 млн көрсеткішімен салыстырғанда жоғары. Түсім серпіні саудалық бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен таза қаржылық нәтиженің өсуімен, тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен түсімнің артуымен және туынды қаржылық құралдар бойынша таза пайданың өсуімен байланысты.

2026 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша ақшалай қаражат пен олардың баламаларының, шектеу қойылған қаражаттың және инвестициялық бағалы қағаздардың көлемі $5,5 млрд, жиынтық активтер – $13,2 млрд, ал акционерлердің меншікті капиталы – $1,5 млрд құрады.  Операциялық қызметтен түскен таза ақша ағыны $185,2 млн-ға жетті.

Freedom Holding Corp. құрамына кіретін компаниялар клиенттерінің жалпы саны 8,1 миллионға дейін өсті, оның ішінде:брокерлік шоттар бойынша клиенттік базаның өсуі – 858 мың (+175 мың), банктік қызметтерді пайдаланушылар – 5 млн (+2,5 млн), Freedom SuperApp пайдаланушылары – 5,2 млн (+3,4 млн), қаржылық емес компаниялардың клиенттері – 1 105 мың (+500 мың).

Экожүйенің периметріндегі серіктес компаниялардың пайдаланушыларын есепке алғандағы клиенттердің жалпы саны 14 миллионнан асады.

Сауда бағалы қағаздары бойынша таза пайда $158,8 млн құрады, бұған дейін $57,8 млн мөлшерінде шығын болған, бұл өсім 2026 қаржылық жылында Қазақстанның егеменді бағалы қағаздарын және корпоративтік борыштық бағалы қағаздарын сатудан түскен іске асырылған таза пайдаға байланысты.

Тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен түсімнің өсуі, негізінен, Freedom Cloud Holding компаниясын сатып алғаннан кейін телекоммуникация секторына шығумен және Arbuz.kz-тегі клиенттік белсенділік пен тапсырыс көлемінің артуымен байланысты.

Туынды қаржылық құралдар бойынша таза пайданың өсуі, негізінен, Freedom Bank KZ-тегі валюталық своптардың оң қайта бағалануына және өткен жылмен салыстырғанда іске асырылған пайданың ұлғаюына байланысты.

Таза сақтандыру кірісі өткен кезеңдегі $571,2 млн-мен салыстырғанда $402,4 млн құрады, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерге байланысты, қарыз алушыларға сақтандыру полистерін сату үшін кредиттік ұйымдарға агенттік төлемдерге қатысты.

Жалпы шығыстар 2026 қаржылық жылында өткен жылғы $1 899,6 млн-мен салыстырғанда шамамен $1 965,3 млн құрады, бұл жалақы мен бонустардың, жалпы және әкімшілік шығыстардың, сондай-ақ сатудың өзіндік құнының өсуіне байланысты.  Өсім комиссиялық шығыстар мен пайыздық шығыстардың азаюы есебінен ішінара өтелді.

2026 фискалдық жылы «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры арқылы орнықты даму жобаларын іске асыруға $61,1 млн бағытталды.

Қаржылық жылдың төртінші тоқсанындағы маңызды оқиға - тұрақты ребаланстау аясында Freedom Holding Corp. акцияларының ITS World индексінің құрамына енгізілуі болды.

2026 жылғы наурызда Freedom Holding Corp. еншілес компаниясы - Freedom Finansal Hizmetler A.Ş. - TurkishBank тобына кіретін Turkish Bank A.Ş. акционерлік капиталының 99,32%-ын сатып алу туралы келісімге (SPA) қол қойды. Қазіргі уақытта реттеуші органның мақұлдау кезеңінде тұрған бұл мәміле - Freedom Finansal Hizmetler компаниясының Freedom Yatirim еншілес брокерлік компаниясын құруға рұқсат алуынан кейінгі Freedom Holding Corp. үшін Түркиядағы кезекті маңызды стратегиялық қадам болып табылады.

2025 жылғы 25 ақпанда Компания ChessBase GmbH компаниясының 100% үлесін сатып алу туралы келісімшарт жасасты. 2026 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша мәміле әлі жабылған жоқ және жабылудың белгілі бір шарттарының орындалуына байланысты болып қалды.