FlyArystan ұшағы Павлодарға жете алмай, Алматыға кері қайтты

FlyArystan ұшағы Павлодарға жете алмай, Алматыға кері қайтты

FlyArystan әуе компаниясының Алматыдан Павлодарға бағыт алған FS-7131 рейсі 2026 жылғы 20 қазанда межелі әуежайға қонбай, Алматыға қайта оралды. Ал Павлодардан Алматыға ұшуы тиіс FS-7132 рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әуе компаниясының мәліметінше, рейстердің өзгеруіне ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Павлодарда жауын-шашын күтілгендіктен, ұшақтың мұз қатудан қорғайтын арнайы сұйықтықпен өңделуі қажет еді. Алайда Павлодар әуежайында мұндай қызметті көрсету мүмкін болмаған.

Осыған байланысты жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесін Алматыға қайтару туралы шешім қабылданған.

Компания жолаушыларға билеттерін бос орын болған жағдайда ең жақын рейске бір рет тегін ауыстыруды немесе билет құнын толық қайтарып алуды ұсынады. Рейстердің қайта орындалу уақыты туралы қосымша хабарланады.