Freedom Inside '26

FlyArystan тағы бір маңызды өзгеріс енгізіп жатыр

FlyArystan тағы бір маңызды өзгеріс енгізіп жатыр
gov.kz

FlyArystan әуе компаниясы power bank тасымалдау ережелеріне өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жаңа талаптар 7 мамырдан бастап күшіне енеді және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бекіткен нормаларға сәйкес енгізілген.

  • Ережеге сай сыйымдылығы 100 Вт/сағ-қа дейінгі аккумуляторды арнайы рұқсатсыз алып жүруге болады.
  • Ал 100-ден 160 Вт/сағ-қа дейінгі құрылғыны тек әуе компаниясының келісімімен тасымалдауға рұқсат беріледі.
  • 160 Вт/сағ-тан асатын аккумуляторды ұшаққа алып кіруге тыйым салынады.

Айта кетейік, бір жолаушы екі құрылғы ала алады. Сонымен қатар, оларды тек қолжүк ретінде тасымалдау қажет. Ұшақ ішінде power bank-ті қолдануға немесе зарядтауға болмайды.