Fitch агенттігі Home Credit Bank рейтингін "BB–" деңгейінде растады

Fitch агенттігі Home Credit Bank рейтингін "BB–" деңгейінде растады
wikipedia.org
Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Home Credit Bank эмитентінің шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді дефолт рейтингін "BB–" деңгейінде растады. Болжам "Тұрақты" болып табылады, де...

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Home Credit Bank эмитентінің шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді дефолт рейтингін "BB–" деңгейінде растады. Болжам "Тұрақты" болып табылады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Fitch Home Credit Bank–тің бизнесті әртараптандыруға бағытталған қадамдарын оң бағалап, банк болашақта тауаша бизнес–модельден біртіндеп алыстайтынын атап өтті. Бұған 2025 жылы кепілді бөлшек кредиттеу мен шағын және орта бизнесті қаржыландыру сегменттеріне кіруі ықпал етпек. 2023 жылдың ортасынан бастап Home Credit Bank шағын және орта бизнеске арналған HCB Business цифрлық қызметін дамытып келеді, бұл клиенттік базаны кеңейтіп, жаңа бағытты ілгерілетуге мүмкіндік берді.   

"2024 жылы банк қарқынды түрде дамуын жалғастырып, көптеген көрсеткіштер бойынша нарықтағы өсім қарқынынан озық болды. Бір жыл ішінде активтер 233 млрд теңгеге артып, жылдың қорытындысы бойынша 1 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш банкке активтер көлемі бойынша 12-орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Несиелік портфель 26%-ға өсіп, 770 млрд теңгеден асты. Клиенттердің салымдары 157,6 млрд теңгеге ұлғайып, өткен жылдың қорытындысы бойынша 520 млрд теңгені құрады. 2024 жыл банк үшін рекордтық жыл болды: таза пайда 35 млрд теңгеге жетті. Өткен жылдың көрсеткіштері — 2022 жылы қабылданған жаңа стратегия мен жүргізілген трансформацияның нәтижесі. Біз дұрыс таңдау жасағанымызды көріп отырмыз: тауаша модельден бас тартып, клиент пен оның ыңғайлылығын басты назарға қойдық, оған қолайлы төлем, кредит және жинақ қызметтерін ұсындық. Мұны біздің клиенттеріміз бағалады. Біз қазақстандықтарға күнделікті қаржылық мәселелерін тиімді шешуге көмектесетін қызметтер мен өнімдер ұсынуды жалғастырамыз", – деп атап өтті Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Home Credit Bank — халықаралық инвестициялық PPF Group N.V. тобына тиесілі PPF Financial Holdings құрамына кіреді. Бұл топ Еуропа, Солтүстік Америка және Азияның 25 елінде жұмыс істеп, телекоммуникация, медиа, қаржылық қызметтер, электронды коммерция, жылжымайтын мүлік, машина жасау және биотехнология салаларын қамтиды.