Елорда әкімдігінде хабарды теріске шығарды.
«Желіде Қазақстанның наразылық білдірген қалаларының тұрғындары үшін елордада визалық режим енгізіліп жатыр деген жалған хабарлама таралуда. Астана әкімдігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Жалған ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз», - делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.
Сондай-ақ, тараған хабарламаның қайнар көзі Instagram-дағы QazNews24 сатиралық аккаунты екенін атап өтеміз.
Аталған парақшаның анықтамасында ойдан шығарылған, яғни шындыққа жанаспайтын, қисынға келмейтін ақпараттар жарияланатыны айтылған.