Эвакуациялық пунктте бір адам жастық таппай жүрсе, келесі бір адым төрт жастықты алып алған

Жарбол Кентұлы 08 сәу. 2024 09:25 1906

Желі қолданушысы, журналист Әділет Орынбасаров өзінің Фейсбуктағы парақшасында Батыс Қазақстан облысындағы эвакуациялық пунктердегі келеңсіз жағдайды ащына жазыпты. Оның айтуынша, бір апай басына жастайтын жастық таппай жүрсе, келсі бір апай төрт жастықты алып алып, оны ешкімге бермей, артық жастықтарды үйіне әкетпекші екен.

Мен бір-ақ нәрсені ұқпадым. Неше күннен бері сауалдар санамнан кетер емес. Бүгінде жұмыс бабымен эвакуациялық пунктерде жиі боламын. Барған сайын әр адаммен сөйлесіп, жан-дүниесіне үңілгім келеді.

Пунктерде жағдай біркелкі. Жатын орын, тамақ бәрі ұйымдастырылған. Әрине өз үйіңе жетері жоқ.

Бірақ адамдардың іс-әрекеттері... Болған жағдайдан шок алған дейін десең, олай айтуға келмейді. Теректіде осыдан бір аптадағыдай дүрбелең жоқ. Алайда эвапунктердегі адамдарда бір-біріне деген жанашырлық жоқ.

Бір адам жастық таба алмай сенделіп жүр.

Бір ағам төрт (!) жастық салып алған басына.

Бір апайға көрпесіне тыс керек.

Бір апай көрпенің тысын қос-қостан алып, «қалғанын үйіме әкетем» деп отыр.

Бір тұрғын берілген шай мен майға «шүкір» дейді.

Мың адам «Бізге банан мен алма беріңдер» деп айқай салып жүр.

Қырқысқан, тартысқан адамдар.

"Сен тимесең, мен тиме" деп қырын қарап жатқан қарттар.

Байқағаным, «тәйт» дейтін ақсақал жоқ. Мүмкін осы сөзім үшін мені сөгесіздер. Өйткені қазір адамды сөгу трендте ғой...

Бұрын бір ақсақал «Тәйт, жаман ырым бастамаңдар» деген бір ауыз сөзімен бір елді жөнге салып, мыңдаған отбасыны ажырасу мен жүздеген ағайынды бетжыртысудан сақтап қалған еді ғой.

Сол заман келмеске кетті ме?

Бұл өзі қай заман?!

Әлде бұл ниеттен бе?

Мүмкін бұл залал біздің ниетімізге байланысты беріліп жатыр деп ойламайсыздар ма?!

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар