Euractiv танысқан құжатқа сәйкес, Еуроодақ басшылары Украинаға бұғатталған ресейлік активтер есебінен 90 млрд еуро көлемінде несие беру мәселесінде келісімге келуге тырысып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz
«Келіссөздерді жақын арада аяқтаймыз деген үміт күйреді. Дипломаттардың айтуынша, соңғы мәтін тек бастапқы нүкте ғана, бұл нақты келіссөздердің енді ғана басталғанын білдіреді», - деп жазады портал.
Бірнеше сағатқа созылған келіссөздерден кейін «ЕО көшбасшылары репарациялық несиелер жөніндегі ұсынысты талқылау үшін қосымша уақыт қажет деген қорытындыға келді».
