Бұл шараның мәні – сурдопедагогикалық сабақтар, логикалық және де баланың жас мөлшеріне байланысты арнайы жаттығу бағдарламаларын өткізіп, әлеуметтік сала мамандары және дәрігерлердің психологиялық-медициналық-педагогикалық көмегі арқылы, баланы қалыпты естуге және сөйлеуге жаттығуын қамтамасыз ету. Осындай бүлдіршіндерді дыбыстар әлеміне қайтару үшін осы күндері«Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» мамандары тайынбай еңбек етуде.
«Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығының» Бас директорының орынбасары С.М. Смайлованың айтуынша – Кохлеарлы имплантация, яғни ота жасау арқылы емделушінің ішкі құлағына дыбыстық ақпаратты қабылдауын қамтамасыз ететін электродты орналастыру, есту қабілетінен айырылған немесе ауыр түрімен ауыратын науқастарға құлақтарының толығымен және жартылай естіп кетуіне мүмкіндік береді. Дегенмен, есту қабілеті имплантациядан кейін бірден қалпына келмейді. Имплантант ағзаға бейімделуі тиіс, ол үшін ұзақ уақыт оңалтудан өту қажет.
Осылайша, оңалту жұмыстарымен айналысатын және де керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, құрамында кәсіби шебер мамандары бар«Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Есту қабілеті бұзылған балалардың кохлеарлық имплантациядан кейін есту-сөйлеуін оңалту» бағдарламасы аясында мемлекеттік тапсырысты орындай отырып, «ӘОД ҒПО» ШЖҚ РМК биылғы жылы 150 балаға тәулік бойғы есту-сөйлеу бойынша оңалту қызметін орындауда. Бұл күндері аталмыш бағдарлама бойынша «Ақ бұлақ» шипажайында әр аймақтан 30 бала оңалтудан өтуде.
Бұл ретте, «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» ШЖҚ РМК Бас директоры Т.Қ. Нұғұмановтың мемлекеттік тапсырыс бойынша осынау әлеуметтік маңызы бар шараны өткізуге қосқан үлесін айта кеткен жөн.
Есту қабілеті бұзылған балаларды тәулік бойы оңалтудан өткізу жұмыстары жазғы айларда да өз жалғасын табады.
«ӘОД ҒПО»
Баспасөз қызметі