Ескі заңды түзете бергенше, түсінікті жаңа заңды бекіткен жөн – Тоқаев

Dalanews 01 қыр. 2022 05:47 814

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жасады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға қатысты тапсырам екі жылдан бері тиісті деңгейде орындалмай келе жатқанын ашып айтты.

– Біздер кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауымыз керек. Бұл – жұмысты бәрін басынан бастап реттеу керек. Тапсырма екі жылдан бері орындалмай келеді. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізу қажет, – деді Презиздент.


Бұдан басқа Мемлекет басшысы шағын және орта бизнеспен айналысатын азаматтарға қаптаған тексерушілер де кедергі келтіріп отырғанын тілге тиек етті.

– Қазір тексерушілер тым көп. Олардың теріс әрекеті бізге белгілі. Сондықтан, шекараға интеграцияланған кедендік бақылау тәсілін енгізу қажет. Кедендік рәсімдеу орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиіс, – деді Президент.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар