Ескелді ауданында су тасудан зардап шеккендерге әкімдік үй әперіп, жөндеу жұмыстары үшін қаржы беруде

Dalanews 21 қыр. 2023 13:50 1228

Жетісу облысы Ескелді ауданы Абай, Ешкіөлмес, Қарабұлақ ауылдарындағы қатты нөсер салдарынан аула аумақтары мен тұрғын үйлерді су басудан келген шығынды өтеуге сараптама нәтижелері мен сметалық есептердің қорытындысына сай бюджеттен 403,5 млн теңге бөлінді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 22 үй сатып алуға 216,8 млн теңге, 83 үйге ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуге 186,7 млн теңге бөлінген.

Ескелді ауданы әкімдігінің деректеріне қарағанда, жобалық-сараптамалық және сметалық ұйыммен бірлесіп су басу салдарынан келтірілген залалды бағалау жұмыстары жүргізілген.

Жалпы ауданның ауылдық елді мекендерінде 105 үй, соның ішінде Абай ауылында 11, Ешкіөлмес ауылында 28, Қарабұлақ ауылында 66 үй зардап шеккені анықталды. Зардап шеккен үйлердің 22-сі бұзылады, 83-і ағымдағы және күрделі жөндеуден өтеді.

– Бүгінгі күні аудан әкімдігі 7 үй сатып алды, үйлері бүлінген тұрғындар осы сатып алынған үйлерге қоныстануда, қалған 15 үйді сатып алу рәсімдері жүргізудеміз. Сондай-ақ, қалпына келтіру қажет деп тапқан 83 үй иелеріне төлем жасалуда. 21 қыркүйектегі мәліметке сәйкес қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 76 үйдің иелеріне 173,1 млн теңге төленді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр, – деді аудан әкімдігінен.


Сонымен қатар Ешкіөлмек, Қарабұлақ, Бақтыбай ауылдарындағы көшелерде жұмыс аяқталды, Ешкіөлмес, Қаратал,

Сонымен қатар биылғы қыркүйек айының соңына дейін жалпы ұзындығы 12,7 шаұырым болатын 7 көшеге жалпы сомасы 688,1 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда Ешкіөлмес, Қарабұлақ, Бақтыбай ауылдарындағы 4 көшеде жұмыстар аяқталып, Ешкіөлмес, Қаратал, Қарабұлақ ауылдарындағы 3 көшеде жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ, жалпы сомасы 8,7 млн теңгеге Абай ауылындағы Бақтыбай көшесі мен Ешкіөлмес ауылындағы М. Тынышбаев көшесіне жарық орнатылуда. Көшелердің жалпы ұзындығы – 3 шақырым. Бұл жұмыстар осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы тиіс.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар