Есірткінің оңтүстіктегі ошағы анықталды

Есірткінің оңтүстіктегі ошағы анықталды
polisia.kz

Мамыр айының басында жалпы және арнайы іс-шаралар кешенін жүргізу нәтижесінде Түркістан облысы Арыс қаласында есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаланың шетінде орналасқан жеке тұрғын үйде ағайынды екі ер адамның синтетикалық есірткіні ірі көлемде заңсыз өндіруді ұйымдастырғаны анықталды.

Оқиға орнынан тінту кезінде жарты тоннаға жуық сұйық мефедрон, 1,5 тонна прекурсор алынды. Оларға сараптама тағайындалды. Сондай-ақ реактор, колбалар, магниттік араластырғыш, канистрлер, пластикалық науалар және есірткі өндіру белгілері бар өзге де құрал-жабдықтар тәркіленді. Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оның санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. ІІМ ескертеді: есірткі өндіруді жолға қоюға бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.