Елімізде жыл басынан бері 17 есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
ІІМ мәліметінше, алғашқы жеті айда 4,5 мың дерек тіркелген. Заңсыз есірткі айналымына қарсы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде синтетикалық есірткі өндіретін 17 жасырын цехтың қызметі тоқтатылған.
Сонымен қатар, 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесіліп, 12 қылмыстық іс қозғалған. 9 ұйымдастырушы мен 41 қатысушы ұсталған.
"Есірткіге қарсы іс-қимыл барысында заңсыз айналымнан 865 келі есірткі тәркіленді. Бұл миллиондаған доза есірткі заңсыз айналымға түсуіне жол берілмегенін білдіреді. Жыл басынан бері кәмелетке толмаған 55 адам ұсталды. Олардың 32-сінің есірткі өткізуге қатысы бар", - деді ІІМ өкілі.