Есік ашпасаңыздар, үйге кірудің басқа амалын табам...

Dalanews 10 қаң. 2017 08:44 764

Бүгін Үкімет отырысы өтті. Жиында Сағынтаев Қасымовты сөкті. "Тіркеуге қатысты түсіндіру жұмыстарын 22 желтоқсаннан бастау керек еді" деді Сағынтаев. 

Үкіметбасының айтуынша, ертерек қамданған жағдайда қазіргідей дүрбелең тумас еді. Сағынтаев сонымен қатар тiркеуге қатысты сұрақтардың тым көп екенiн және түсiндiру жұмыстарының дұрыс жүргiзiлмегенiн айтты.

Ішкі істер министрігінің дерегінше, 7-9 қаңтардың аралығында 40 мың азамат тіркелген. Демек, халыққа қызмет көрсету орталықтары айналасы екі күннің ішінде осынша адамды қабылдауға мәжбүр болған.

Үкімет отырысы аяқталғаннан кейін Ішкі істер министрі журналистердің сұрағына жауап берді. Сөзіне қарағанда, уақытша тiркеудiң жоқтығынан азаматтарға айыппұл салынған жағдай әлі тіркелмеген.

Осы тіркеуге қатысты «үйге учаскілік полицейлер келсе есік ашпай қоюға құқым бар ма?» деген журналистің сауалына Қасымов: «Жарайды, ашпай-ақ қойыңдар. Бірақ біз басқа амалын табамыз» деп жауап берді.

Желідегі жұрт өз кезегінде "есіктен кіре алмаған Қасымов терезеден кірсе таңғалмаймыз" деп жатыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар