Ертісбаев бастаған топ Павлодарда еңбек ұжымдарымен жолықты

Dalanews 09 нау. 2023 12:50 591

Қазақстан Халық партиясы аймақтардағы сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жалғастырып жатыр. Жалпы саяси науқан басталғалы кандидаттар екі мыңнан астам осындай іс-шара өткізген.

Ұйым төрағасы Ермұхамет Ертісбаев бастаған топ Павлодарда еңбек ұжымдарымен жолықты. Солардың бірі – күйдірілген мұнай коксын өндіретін зауыт. 2 мыңнан аса жиынға 17 облыс пен республикалық маңызға ие 3 қаланың 600 мың тұрғыны қатысыпты.

Үміткерлер оларға партияның бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ, аймақтарды дамыту бойынша халықты толғандырған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Айта кетейік Қазақстан халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына 66, ал мәслихаттардағы мандатқа 500-ге жуық үміткер ұсынылған.

Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

Мен тұрған Павлодардағы мұнай коксын өндіретін кешен өңірдің, еліміздің дамуына өз үлесін қосуда. Жұмысшылардың еңбек жағдайымен таныстық. Қаладағы басқа да бизнес өкілдері, қоғам белсенділерімен кездесіп, түрлі ұсыныстар тыңдалды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар