Бұл туралы оның адвокаты Жанар Балғабаева әлеуметтік желіге жазды.
«31.07.2023 жыл. Таңертеңгі уақыт. Жақсы жаңалықтар көп болсын. Ермек Нарымбайды қарсы алдық. Оны қарсы қарсы алу үшін Заречный кентіне баруға жиналып жатқандардың бәріне құлағдар етейін, ол қазірдің өзінде Алматыда», – деп жазды адвокат.
Айта кетейік, 13 шілдеде Қонаев қалалық соты 28 шілдеде бостандыққа шығаруға шешім шығарған. Бірақ оның қамау мерзімі кейін тағы үш күнге созылған еді. Сол үшін ол аштық жариялағанын мәлім етті. Сот оған көптеген шектеулер қойғаны белгілі болды.
– Маған сұхбаттасуға, әлеуметтік желілерге, тіпті «Қағанат» асханаларына, жол бойындағы кафелерге баруға шектеу қойылды. Сонымен қатар банк қызметтерін, банк картасын, аударымдарды, жалақыны, нотариустың қызметтерін алуға тыйым салынады, – дейді белсенді.