Ерлан Төлеутай ренжіді: «Әншілердің аузына микрофон тығып, артына камераларыңды тіркеп қоясыңдар!»  

Dalanews 30 мам. 2021 11:53 1443

«Күні кеше ғана Қарағанды қаласында Жүсіпбек Елебеков атындағы үш күнге созылған республикалық ән байқауы болып өтті. Дәстүрлі әнші, қазақтың төл өнерінің жанашыры Ерлан Төлеутай мырза осы ән байқауын еліміздегі ақпарат құралдары насихаттауға енжарлық танытқанын жазып, БАҚ өкілдеріне өкпесі қара қазандай екенін айтыпты.

– Кеше Қарағандыда Жүсіпбек Елебеков атындағы үш күнге созылған республикалық ән байқауы аяқталды. Неше өнерпаз қатысты, қалай өтті, кім, не бәйге алды, әншілердің деңгейі қандай? Апырай, тырс еткен ақпарат болсайшы. Сансыз сайттар, пәленбай порталдар, бақадай шулап, балақтан өріп, басқа шыққан биттей бықыған блогерлер, түгенбей тілшілер кісі өлтіргендей үнсіз.

Мінеки, біздің ұлттық өнерге деген ұстаным сыйқымыз. Әгерәки, «Super star», «Екі жұлдыз» сияқты тобырлық өнерді насихаттайтын жобалар болса, біздің телеарналар әр әншісымақтың аузына микрофон тығып, артына камера тіркеп қояр еді. Кезіндегі «Super star» сынды тобырлық жобаларды жабыла жарнамалап, жаппай насихатай жөнелетін біздің БАҚ ұлттық өнермен өш-ақ.

Айтпақшы, кезіндегі «Super star» көгілдірлікті астыртын насихаттайтын жымысқы жоба болып еді. Неге екені белгісіз, біздің журналистер мұндай жымысқы жобаларды насихаттауға келгенде алдарыңызға жан салмайсыздар да, ұлттық жобаларға келгенде жұмған ауыздарыңызды ашпай қаласыздар.


Өткенде сақалы бар, мұрты жоқ бір блогер «журналистердің 50 пайызы андай» деп. Расында сондай боп кеткенсіздер ме, не? Әйтпесе, республикалық өнер байқауы туралы жылт еткен жалқы жол ақпарат неге жоқ?  Жалко ма, не? Әлде бастықтарыңыз «андай боп» кетіп бергізбей отыр ма?

Әлеу желілер неше күннен бері әнеу бір әнші әйелдің қызының байдан қайтып келгенін жалаулатуда. Керісінше болса, арман жоқ қой. Мәдениетті ұлт – бәсекеге ең қабілетті ұлт.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар