ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысына қатысты өз ойымен бөлісті. Ол биылғы жылғы Ұлттық құрылтай бірнеше басты ерекшеліктерге ие екенін айтады. Сондай-ақ мұнда қоғамды толғандыратын өзекті мәселелердің кең ауқымы қозғалғанын, ал Президенттің бағдарламалық сипаттағы сөйлеген сөзі мазмұны мен құрылымы жағынан жыл сайынғы Жолдаумен пара-пар екенін нақтылайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші Telegram-дағы парақшасында жариялаған жазбасында Мемлекет басшысы өз сөзінде ағымдағы жағдайға мұқият талдау жасап, көптеген мәселелердің жүйелі шешімдерін атады, алдағы міндеттерді де айқындап бергенін баса атап өтеді. Оның үстіне Ұлттық құрылтай мүшелерінің екі күн ішінде айтқан барлық негізгі ұсыныстары Президенттің сөзінде көрініс тауып отырды.
Қоғам белсенділері жұмыс секциялары мен пленарлық отырыста қандай мәселелер мен бастамаларды көтерді?
- Экономиканы реформалау (инновациялар мен цифрлық технологияларды енгізу; салық-бюджет саласын жетілдіру; өңірлердегі көлік инфрақұрылымын дамыту; еңбек нарығындағы өңірлік теңгерімсіздіктерді реттеу, өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұмысшы кәсіптерді дәріптеу)
- Әлеуметтік саясат (білім беруде қолжетімділік мен сапаны арттыру; ғылым мен денсаулық сақтау салаларын дамыту; экология мәселелері; ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолайлы жағдайлар жасау)
- "Заң және тәртіп" қағидатын нығайту (алаяқтыққа қарсы күрес; әйелдер колонияларында ұстау шарттары; жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу; құқықтық сауаттылыққа баулу; құқық бұзушылардың ата-аналарына қатысты қарастырылатын жауапкершілік)
- Идеологиялық жұмысты жүйелендіру (ішкі саясат саласында бірыңғай тұжырымдамалық құжат әзірлеу; деструктивті діни ағымдарға қарсы күрес; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шарттарын қайта қарау; ысырапшылдық пен мәдениетсіздікке қарсы іс-қимыл; "Адал Азамат" бағдарламасы бойынша өскелең ұрпақты жүйелі тәрбиелеу; ағарту жұмыстарын жүргізу және мәдени-рухани мұраны ілгерілету).
Мемлекет басшысы қандай маңызды бастамаларды көтерді?
- Идеологиялық және гуманитарлық жобалар:
- Ішкі саясат тұжырымдамасын әзірлеу
- ҮЕҰ саласындағы заңнаманы жетілдіру
- Шет елдерде Абай институттарының ашу
- Биологиялық әртүрлілікті қорғаудың халықаралық қорын құру
- Ұлттық цифрлық мұрағатты құру
- "Қазақстан балалары" бірыңғай бағдарламасын құру
- Әр облыс орталығында ерекше балаларды оңалту және дамыту орталықтарын құру
- Әр облыс, аудан орталығында, елдімекендер мен ауылдарда балалар футбол алаңдарын жабдықтау
Экономикалық және инфрақұрылымдық бастамалар:
- Тәуелсіздіктің 40 жылдығына орай ел дамуының бес басым бағытын айқындау: цифрландыру және жасанды интеллект; көлік және транзит; энергетика; агроөнеркәсіптік сектор; адами капитал.
- 2025 жылы экономиканың нақты секторын қаржыландыруды екі есеге жуық, 8 триллион теңгеге дейін, келесі жылдары 10 триллион теңгеге дейін ұлғайту.
- 2025-2026 жылдары ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.
- Алдағы төрт жыл ішінде жыл сайын 200-ге жуық инвестициялық жобаны іске қосу.
- Шекаралас аумақтарды дамыту туралы жаңа заңды әзірлеу
- Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тікелей шығатын автомобиль жолын салу.
- Атом энергетикасы агенттігін құру.
Айта кетсек,биыл Ұлттық құрылтайдың IV отырысы Бурабайда өтті. Онда Президент қоғам өкілдері қамтыған ұсыныстарға да тоқтала отырып, бірнеше тапсырма берді.