Freedom Inside '26

Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлескеннен кейін Киев жаппай шабуылға ұшырады

Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлескеннен кейін Киев жаппай шабуылға ұшырады
Bloomberg

Киев Ресейдің жаппай шабуылына ұшырады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Bloomberg мәліметінше, Ресей Киевке Владимир Путин мен Дональд Трамптың телефон арқылы сөйлесуінен бірнеше сағат өткен соң шабуыл жасаған.

Украина билігінің хабарлауынша, шабуыл салдарынан тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары бүлінген. Шамамен 140 мыңнан аса үй жарықсыз қалған. Сондай-ақ, Киев-Печерск те зардап шеккен. Бұл - Киев Русі дәуірінде негізі қаланған ең көне монастырьлардың бірі. Ол православ әлеміндегі ең қасиетті әрі маңызды діни орындар қатарына жатады.

Бұдан бөлек, Харьков, Днепр және Кривой Рог қалаларына да соққы жасалған.

Харьковта құтқару жұмыстарына қатысып жүрген төтенше жағдайлар қызметінің бес қызметкері қаза тапқан.