Freedom Inside '26

"5 жыл өтсе де, сағыныш басылмады": Айман Талғатқызы әжесін еске алды

"5 жыл өтсе де, сағыныш басылмады": Айман Талғатқызы әжесін еске алды
Dalanews.kz коллажы

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әжесін еске алып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ол жазбасында әжесіне деген сағынышын жеткізіп, оның мейірімге толы алақанын ерекше ықыласпен еске алған.

"Мен үшін ең асыл, ең жұмсақ, ең ыстық, ең мейірімді, ең тәтті, ең берекелі, ең шипа, ең қадірлі алақан еді. Бірақ сол жұпар аңқыған аппақ алақанды ұстамағаныма, сезбегеніме, сүймегеніме, иіскемегеніме 5 жыл болыпты. Мен үшін 50 жыл секілді. Іштегі сол мәңгі сағыныш сезімімді өзім және бір Алла ғана біледі. Бұл қолға қарасаң, бейнет көрінетіндей. Асыл әжем, ғасыр әжем, жәннаттың төрінен орын бұйырсын", – деп жазды ол.

Айманның жазбасы желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Оқырмандар оған көңіл айтып, марқұм әжесіне дұға-тілектерін арнады.