Әнші Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбеде клип түсірмек, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы әншінің өзі хабарлады.
Ақтөбеден сәлем. Жасөспірім кезімде армандарым мені алысқа алып кетті. Бірақ әр жолдың бастауында туған жер тұрады.Араға жылдар салып,туған жерге табан тіреп келіп қалдым, - дейді әнші.
Ол Ақтөбеде жаңа клипті 3 күннен соң түсіретінін айтты.