Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа түсірді

Ақтоты Жапатова 27 жел. 2025 11:00

26 желтоқсанда Ташкент қаласында өткен кәсіби бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық спортшы, ММА жұлдызы әрі актер Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық Тимур Никулинді жеңді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айқас кәсіби бокс ережелері бойынша өтіп, кештің басты оқиғасына айналды. Жекпе-жектің алғашқы раундында-ақ Еркебұлан Тоқтар қарсыласын нокдаунға жіберді. Тимур Никулин айқасты жалғастыруға тырысқанымен, қазақстандық боксшы шабуылын үдетті. Нәтижесінде Еркебұлан Тоқтар нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл – Еркебұлан Тоқтардың кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін де OCTAGON лигасында табысты өнер көрсетіп келеді. 2025 жылы өткізген екі жекпе-жегін де нокаутпен аяқтаған.

Атап айтқанда, ақпан айында тәжікстандық Камариддин Хасановты (Камил Карате) төртінші раундта жеңіп, ұйымның BMF белбеуін иеленсе, тамыз айында ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар