Кезінде журналының жарнамасын жасау үшін тырдай жалаңаш шешініп, жұрт алдына шығуға арланбаған бейбақтан бұдан басқа не күтуге болады? Енді «қазақтар дүнгендерден кешірім сұрамады» деп тұтас елдің атынан сөйлеп, жұрттың назарын өзіне аударуда.
Ерғалиева Қарағандыда қазақ жігіті армияндардың қолынан қаза тапқанда диаспора өкілдері қазақтардан кешірім сұрағанын еске алып, енді Қордайдағы жанжалдан кейін мерт болған дүнгендер үшін Үкімет, әкімдік, жалпы тұтас қазақ тізерлеп тұрып дүнгендерден кешірім сұрауы керек екен жазыпты.
Шамасы Гүлекеңе бір ақпарат жетсе, енді бірі жетпей жататын сияқты. Күре жолдың бойында келе жатқан қазақтарға жол бермей, сексендегі қарияны сабаған дүнгендер дауды бірінші бастағанын Гүлекең білмеді деп ату қиын. Сонда кім – кімнен кешірім сұрау керек.
Гүлжан ханым қазақтардың намысына тию ішін әдейі айтып отыр. Қазақтар жығылғанда төбесінен нұқып, тұқырту Гүлжан секілді орысқұлдардың қашанғы әдеті емес пе?
Гүлжан сияқты ата-тегінен алыстап кеткен шалақазақтардан таза орыстар жақсы. Ел ішіндегі орыстар ұлттың намысы сынға түскенде ең құрмағанда сөйлемей тыныш отырады. Қазір көргенде көресінде өзіміздің шалақазақтардан көріп келеміз
Бізге үй ішінен үй тігуге құштар Гүлжан секілді қара орыстардың кесірі көп тиіп келеді. Бұлар қазақтың өн бойына жабысқан іріңді жара ғой. Бірден сылып тастай алмайсың. Жаныңды сыздатып, біразға дейін сай-сүйегіңді сырқыратады.
Гүлжан айтты екен деп ешкім дауды бастаған дүнгендерден кешірім сұрайын деп жатқан жоқ. Егер сұраса Гүлекең Қордайға барып бетін тіліп, жалаңаштанып кешірім сұрай берсін.
Біздіңше, Гүлжан қазақ қоғамын арандатып отыр. Ойлаңызшы, бұдан асқан арандатушылық бола ма? Қаны сорғалап тұрған дауға тұз сеуіп, тұтас елдің жанын ауыртқан Гүлжан Ерғалиеваның қолына кісін салып, дау басылғанша абақтыға қамап қойса да артық болмас еді.
Естеріңізде болар осыдан бірнеше жыл бұрын Гүлжан апамыз Фейсбуктағы парақшасына қазақ таксит жайында жазба жазып, жұрттың сынына қалған соң, жазбасын өшіріп тастағаны есімізде.
Сол кезде апамыз бір жерге бару үшін такси ұстап, бір орыстың таза, жайлы мәшинесімен ырғалып-жырғалып діттеген жеріне жетіп алған ғой. Ал қайтарда бір қазақтың іші лас, Қайрат Нұртастың әнін «бақыртып» қойған көлігімен үйіне әрең жеткенін айтқан еді.
Жан-тәнімен орыс болып кеткен апамыз қазақтың музыкасында, өмір салтында қабылдай алмайтынын сол кезде байқағанбыз.
Сол жазбасында Гүлекең қазақ таксистің ештеңе оқымағанын, ештеңеге қызықпайтынын, Димаш Құдайберген жайында мүлде білмейтінін байқап (апа, сенімді болуыңыз үшін сұрай салуыңыз керек еді), қазаққа қарсы запыранын төккен еді.
Ерғалиеваның осындай оспадар қылығын көргенде оның билікті сынап, халықтың сойылын соғып жүргенінің бәрі бекер екенін түсінесең.
Гүлекең Қордайдағы жағдайдың қалай орын алғанын білмеді деп айтуға ауызың бармайды. Ол бәрін біледі. Бірақ бойында қазаққа деген өшпенділігі соның бәрін жеңіп, көзін тұмшалап тастайтыны анық.
Ерғалиеваның Фейсбуктағы жазбасын оқып, қазақ үшін жаны ауырмайтын, ойыншық оппозиционер екенін байқадық. Мүмкін, апамызды оппозиционер дегеннен гөрі «саяси саудагер» деп атаған дұрыс шығар?
Нұрлан ЖҰМАХАН
https://dalanews.kz/36087