Ерекше қорғалатын саяси қызметкерлер өз кірістерін ашып көрсетпеуге құқылы - Қаржы министрі

Кәмшат Тілеухан 15 қаз. 2024 15:03 1685

Ерекше қорғалатын саяси қызметкерлер өз кірістерін ашып көрсетпеуге құқылы. Олардың әл-ауқаты туралы мәліметтер жұмыстарының ерекшелігіне байланысты құпия сақталады. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәлихатында Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айта кетсек, Жалпыға бірдей декларациялау туралы заңға сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шенді-шекпенділер мен саясаткерлер де табысы туралы ақпаратты міндетті түрде жариялауы тиіс. Осыған байланысты журналистер қойған сұраққа Қаржы министрі былай жауап қатты:

"Ерекше қорғалатын саясаткерлерді қоспағанда барлығы бұл талапты орындайтын болады. Өзім үлгі болып, оны бірінші тапсыруға уәде беремін".

Ал "біздегі ерекше қорғалатын саясаткерлер кімдер" деген сұраққа ол:

"Президент, Премьер-министр және Парламент палаталарының қос спикері" деп жауап қатты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар