Тоқаев Түркия президентінің Қазақстанға келуінің маңыздылығын атап өтіп, ол елдер арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға және түркі әлемін дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Ол түрік басшысына саммит кезінде алға қойған маңызды бастамалары үшін алғыс айтты.
"Түркия – біздің бауырлас халқымыз, сондай-ақ Қазақстанның ең жақын және сенімді стратегиялық серіктесі. Президент мырза, арадағы қарым-қатынастың дамуына үлкен үлес қосудасыз. Мен оны өте бағалаймын. Тұрақты байланыстардың арқасында біздің көптеген келісімдеріміз сәтті жүзеге асырылып жатыр”, – деді Тоқаев.
Ел басшысының айтуынша, екі ел арасындағы екіжақты тауар айналымы 54 пайызға өсіп, 6,3 миллиард долларға жетті. Енді ол көрсеткішті 10 миллиард долларға дейін арттыруды көздеген.
“Түркия – еліміздің төрт негізгі сауда серіктестерінің бірі. Инвестициялық ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді. Елімізде түрік капиталы бар 4300-ден астам компания жұмыс істейді", – деп атап өтті президент.
Сондай-ақ Ердоған Тоқаевқа TOGG түрік электромобильін сыйға тартты.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Тоқаевқа жаңа электромобильді өзі көрсетті.
"Режеп Тайып Ердоған құрмет белгісі ретінде мемлекет басшысына Түркияда шығарылған TOGG электромобильін сыйға тартты", - делінген хабарламада.
https://dalanews.kz/bas-takyryp/94899-toqaev-turki-elderining-birligin-beke