Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесті

Dalanews 21 қыр. 2023 04:19 989

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде өзекті мәселелерді көтеріп, аудан тұрғындарының көкейінде жүрген көптеген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мегаполис басшысы өз сөзінде бүгінде Түрксіб ауданында инженерлік желілерді жаңғырту басты басымдықтардың бірі болып қала беретінін алға тартты.

– Ағымдағы жылдың тамыз айында «Шуақты» шағын ауданында 400 тұрғын үйді қамтитын 10 шақырым су құбыры желісінің және 7,4 шақырым кәріз желісінің құрылысы аяқталды. Келесі аптадан бастап тұрғындар негізгі желілерге қосыла бастайды, – деді Ерболат Досаев.

Түрксіб ауданындағы Тбилиси көшесінің бойындағы 20 мың абонентке қызмет көрсететін 400 метрден астам кәріздік жол өткелі қайта жаңғыртылуда. Алдағы уақытта әкімдік аудандағы халық санының өсуін ескеріп, өткел құрылысын арттыруға мүмкіндік беретіндей қылып жоспарлап, салып жатыр.


Әкімнің айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін 6670 абонентке арналған «Маяк», «Жас қанат», «Нижняя пятилетка» және «Закарпатская көшесі» шағын аудандарында 153,4 шақырым су құбыры мен 79,4 шақырым кәріз желісінің құрылысы аяқталады. Сонымен қатар асфальттың төменгі қабатымен қалпына келтіріліліп, үстіңгі қабаты 2024 жылдың 2 тоқсанында төселінетінін ескертті. .

2024 жылдың екінші тоқсанында «Қайрат» шағын ауданда екінші кезеңдегі 40 шақырым су құбыры және кәріз желілерін салу жұмыстары басталады.

Су құбыры және кәріз желілерін жобалау жұмыстары екі ауданда жалғасуда.

Тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін «Шуақты» шағын ауданында, сондай-ақ ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін электр желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар «Әлмерек», «Нұршашқан», «Қайрат» шағын аудандарындағы желілер де жаңартылады, содан кейін тұрғындар «АЖК» АҚ желілері арқылы қызмет көрсетуге көшеді.

– Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Тұздыбастау» қосалқы стансасының құрылысы аяқталып, қазір жекеменшік учаскелердің иелерімен шарты жасалуда. Олар арқылы жабдықтау желілері жүргізілуде. Жұмыстар осы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс, – деді Ерболат Досаев.

Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуде аудандағы мектеп тапшылығы да оң шешімін тауып жатқанын айтты.

Бұл ретте қала әкімі жаңадан ашылып жатқан әлеуметтік нысандар жайында кеңінен айтып берді. Әкімнің айтуынша, ауданның қарқынды дамуы мен халық санының өсуін ескере отырып, ауданды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жалғасуда.

Айталық, 1 қыркүйекте «Қайрат» мөлтек ауданында 1500 орындық жаңа №211 мектеп-гимназиясы оқушылара есігін айқара ашқан болатын. Бұдан басқа Түрксіб ауданындағы №59 мектеп-гимназиясы 300 орындық кеңейіп, білім ордасының ғимаратын сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Жұмыс 2024 жылдың 1 тоқсанында аяқталады.

– «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша биылғы жылдың төртінші тоқсанында 6100 орындық төрт жаңа мектептің құрылысы басталады, – деді Ерболат Досаев.


Алдағы уақытта Түрксіб ауданныдағы №195 мектептің450 орынды қосымша ғимаратының құрылысы басталады. Сонымен қатар, №198 орта мектепте де кеңейтіп жұмыстары қолға алынып, қосымша 600 орынды ғимарат салынбақшы. Ал №50 мектептің ғимаратына сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, сейсмикалық нығайту жұмыстары аяқталғаннан кейін ағымдағы жылдың қазан айында №70 балабақша-бөбекжай жұмысын қайта бастайды. 2023 жылдың соңына дейін «Қайрат» мөлтек ауданында 260 орынды мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар