Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов Паралимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Отандасымыз Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында топ жарып, алтын жүлдеге ие болды.
Қазақстандық пара спортшы пара биатлоннан 4,5 шақырымдық жарыста (отырып жарысу санаты) топ жарып, жеңістің биік тұғырына көтерілді.
