Ербаян Мұхтардың ісінде нақты күдікті жоқ

Көркем Алдабергенова 25 ақп. 2025 13:47 730

Ұлттық ұланның әскери бөлімінде ауыр бас жарақатын алған мерзімді әскери қызметші Ербаян Мұхтар ісі бойынша тергеу қалай жүріп жатқанын бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев баяндады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптамалардың қорытындылары мен тергеу нәтижелері, барлық жиналған дәлелдер мен фактілердің жиынтығы негізінде шешім қабылданады. Бүгінгі таңда тергеу нәтижелеріне қатысты пікір білдіре алмаймыз, себебі бұл көптеген адамдардың мүдделеріне әсер етеді. Тергеу Бас прокуратураның, бас әскери прокурордың және Ұлттық ұланның ерекше бақылауында", деді Қазиев.

Ол "нақты бір күдіктілер жоқ, бірақ анықталған адамдар тобы бар" екенін атап өтті.

Ербаян Мұхтар 2024 жылдың желтоқсан айында ауруханаға түсті. Ұлттық ұланның әскери бөліміндегілер ата-анасына оның әжетханада құлап, басын плиткаға соққанын айтқан. Алайда, олар бұл нұсқаға сенбей, Ербаянның соққыға жығылғанын дәлелдеуге тырысты.

Қазақстандықтар жас сарбаздың еміне 230 миллион теңге көлемінде қаражат жинады. Қазіргі уақытта Мұхтар Астанада, ол Түркияда емнің алғашқы кезеңін аяқтады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар