Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша атышулы іске қатысты үкім шықты

Dalanews 12 қаз. 2016 06:29 815

Алқа билер Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істе үкім шығарды.

Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды. Бүгін елорда сотында атышулы іс бойынша сот аяқталды.

Судья Асхат Әшірбеков пен алқа билер кеңес бөлмесінен шығып, осы іс бойынша үкім шығарды.

Нұрбек Әжімбай мүлкі тәркілене отырып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Андрей Тихоненко 16 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Виталий Шерстнев 11 жылға сотталды.

75a632f41ba1ffbaf96edee1d6463eae

db372f8401adf2d2f45f454e49483be6

Бір ай бұрын, 7 қыркүйекте Астанада атышулы іске қатысты сот басталған болатын. 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деген күдікпен сот алдына үш адам келді: Нұрбек Әжімбай, Виталий Шерстенев және Андрей Тихоненко. Оларға "Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету", "Адамды бостандығынан заңсыз айыру", "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері", "Адам өлтіру" және "Бопсалау" баптары бойынша айып тағылды.

Бұл істе бастапқыда Аян Мейірбаев күдікті болған еді. Оған қатысты қудалау қылмыс құрамының жоқ болуына байланысты тоқтатылған еді. Ол тергеу изоляторынан босап шықты.

Еске салайық, биыл ақпанда Астанада медициналық университеттің алтыншы курсында оқитын Ерасыл Әубәкіров жоғалып кеткен болатын. Ол Сарыарқа - Сейфуллин қиылысындағы үйінен сол жағалауға қарай шығып кетіп, табылмаған еді. Кейін, 10 ақпанда оның мәйіті зорлық белгілерімен табылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар