Итальяндық Eni S.p.A мұнай-газ тобы Ресейдегі өкілдігінің жұмысын тоқтатты. Бұған дейін оны биылғы қаңтар айынан бастап Қазақстан азаматы Нұржан Камалов басқарып келген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Интерфакс-Қазақстан агенттігі 2000 жылдан бастап Мәскеуде жұмыс істеп келген бұл өкілдіктің жұмысы 5 маусымнан бастап тоқтатылды, деп хабарлайды шетелдік заңды тұлғалар өкілдіктерін аккредиттеу туралы мемлекеттік тізіліміне сілтеме жасап.
Өкілдікті 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан азаматы Нұржан Камалов басқарып келген. Сонымен қатар ол Мәскеудегі Eni Energy LLC компаниясының бас директоры болып табылады. Ал бұл компания топтың компанияларына әкімшілік қолдау көрсетумен айналысады, атап айтқанда соңғы кездері Eni Energy Russia B. V. және Eni Trade and Biofuels S. p.a-ға.