Рақымшылықпен бостандыққа шыққан Бақытжан Байжановқа алты жыл мерзімге әкімшілік қадағалау мен пробациялық бақылау белгіленді, деп хабарлайды dalanews.kz.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, тиісті шешімді сот қабылдаған.
«Сот қаулысымен Бақытжан Байжановқа пробациялық бақылау белгіленіп, 6 жыл мерзімге әкімшілік қадағалау тағайындалды», – деп хабарлады комитет.
Бақытжан Байжанов «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң аясында босатылды.
Еске салайық, ол 2024 жылдың мамырында төрт жылға сотталған болатын. Сондай-ақ Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық кезінде оның жаза мерзімі қысқартылған.
Осылайша, Байжановтың өтелмеген жаза мерзімі 3 ай 18 күнді құраған.