Қостанайда мұз құлаған көлікке 2 млн теңге өтемақы өндірілді

Қостанайда мұз құлаған көлікке 2 млн теңге өтемақы өндірілді
pixabay.com

Қостанайда ғимарат шатырынан құлаған мұздан бүлінген көлік иесінің пайдасына сот 2 млн теңге көлемінде өтемақы өндірд, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қостанай қалалық сотының мәліметінше, оқиға 2026 жылдың наурызында Абай даңғылындағы ғимараттардың бірінің жанында болған. Тұрақта тұрған автокөліктің үстіне шатырдан қар мен мұз құлап, көлікке механикалық зақым келген.

Тәуелсіз сараптамаға сәйкес, автокөлікті қалпына келтіру құны 1,8 млн теңгеден, ал тауарлық құнының төмендеуі 180 мың теңгеден асқан.

Сот барысында ғимарат иесі шатырдан мұз құлауы мүмкін екенін ескертетін хабарландырулар ілінгенін алға тартқан. Алайда сот ұсынылған фотосуреттердің қашан түсірілгенін анықтау мүмкін болмағанын, ал оқиғадан кейін түсірілген бейнежазбада ешқандай ескерту белгілері болмағанын анықтады.

Сот ғимарат иесі шатырды қар мен мұздан уақытылы тазарту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін орындамаған деген қорытындыға келіп, талап арызды қанағаттандырды.

Шешімге сәйкес, жеке кәсіпкерден талапкердің пайдасына 2 млн теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.