Энергетика министрлігінде істеген шенеунік "ҚазМұнайГаз" компаниясының топ-менеджері болып алды

Кәмшат Тілеухан 10 ақп. 2025 10:47 897

Құдабаев Шафкат Серікұлы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Dalanews.kz.

Компания баспасөз қызметінің нақтылауынша, Шафкат Құдабаев құқықтық мәселелер жөніндегі бағытты басқарады.

Ш.Құдабаев Қарағанды бизнес, басқару және құқық университетін, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінде жетекші маманы болып бастаған.

2002-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде әртүрлі қызметтер атқарды: ҚМ Салық комитеті заң басқармасының бастығы, Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің бастығы, ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандандырылған басқармасының басшысы және т.б.

2020-2021 жылдары "BTS Digital Ventures Fund" ЖК-да салық мәселелері бойынша сарапшы;

2021-2022 жылдары "KAZENERGY" Фискалдық реттеу департаментінің атқарушы директоры;

2022-2024 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры.

2024 жылғы қазан айынан бастап "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Бақылау-ұйымдастыру жұмысы және сыртқы байланыстар департаменті Басқарма төрағасы қызметінің бизнес-серіктесі болып жұмыс істеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар