Енді утильалым бойынша түсініктеме бермеймін – Қанат Шарлапаев

Жарбол Кентұлы 13 там. 2024 16:45 4095

Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміз бойынша утильалым тақырыбын жабуды ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министр Қанат Шарлапаев утильалым мәселесі түрлі деңгейде бірнеше рет қаралып, әбден талқыланғанын атап өтті.

– Дәл осы мәселе бойынша көптеген кездесулер болды. Утильалымды алып тастау мәселесін көтерген бастамашы топтың уәждері мен питецтясына заңды түрде тыңдап, оларға тиісті жауап бердік.

Мемлекеттік органдар бұл мәселені ұжымдық деңгейде жан-жақты қарастырып, арнайы жұмыс тобының шеңберінде шешім қабылдағанын білесіздер.

Сондықтан дәл осы мәселе бойынша менің тарапынан қандайда бір түсініктемені қайталап айта бере берудің қажеті жоқ. Мен псевдосарапшылар мен осы тақырып бойынша манипуляция жасауды жөн көретін адамдарға түсініктеме бермеймін, – деді министр.

Өз кезегінде Қанат Шарлапаев ресми түрде шешім қабылдаған мәселеге қайта-қайта түсініктеме бере берудің дұрыс емес атап өтті.

– Тиісті заңнама мен заң бар, өтінішті заңнамалық тұрғыдан қарап, заң аясында шешім қабылданды. Мемлекеттік органдардың алқалы шешіміне қатысты пікір айта алмаймын.

Сол себепті мен бұл мәселені жауып, бұдан былай аталған мәселе бойынша ешқандай түсініктеме бермеймін. Тағы да айтамын, біз бұдан былай утильалым төлемдері мәселесіне қатысты пікір білдірмейміз. Өйткені мемлекеттік органдар бұл мәселеге қатысты өз ұстанымдарын ресми түрде білдірді, – деп түйіндеді сөзін министр.

Еске салайық, 16 шілдеде арнайы комиссия утильалым төлемін алып тастау туралы өтінішті қабылдамағаны хабарланған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар